Жамбылдағы жарылыс: оқ-дәрі бөлшектерін жою басталды
Жамбылдағы жарылыс: оқ-дәрі бөлшектерін жою басталды
172
оқылды
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін жиналған оқ-дәрі бөлшектерін жою жұмыстары басталды. Тараз гарнизоны  баспасөз қызметінің жетекшісі  Дина Мухаринованың айтуынша, қалдықтарды қолдан жару бір ай жүргізілмек.  
«10-қазанда  Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы оқ-дәрі қалдықтарының жарылуына байланысты оларды жою уақыты қайта қаралды. Оқ-дәрі бөлшектерін жою үшін әскери бөлімнен 12  шақырымда орналасқан таулы аймақ таңдалынып алынып отыр. Ол маңда елді мекендер болмағандықтан қалдықтарды жаруға қолайлы болып тұр. Оған қоса, таулы аймақ жарылыстан оқ-дәрі қалдықтарының жан-жаққа ұшуына тосқауыл болады. Жарылыс үні халыққа естілгенімен, одан  тұрғындарға  келер еш қауіп жоқ. 10 шақырым жердегі төрт түлік пен малшылар қауіпсіз жерге көшірілді. Және жарылыс туралы жақын маңдағы ауыл тұрғындарына  хабар берілді. 14-қазаннан бастап оқ-дәрі бөлшектері таулы аймаққа жеткізілуде. Оқ-дәрі бөлшектерін жою қараша айынының 13-іне дейін, дүйсенбі мен жұма аралығы жүргізілетін болады, - дейді  Дина Мухаринова.
 

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы