Қоңыраттықтар қуанышы
Қоңыраттықтар қуанышы

Қарағанды облысына қа­рас­ты Балқаш қаласындағы Қоңырат тұрғындары үшін басты мәселе шешілді. Ес­кір­ген қазандықтың орнына олардың үйлерін енді Балқаш ЖЭО жылытатын болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұрын қуатты­лық­тың жетіспеуіне байланысты әр жылыту маусымында тұрғындар пәтерлеріндегі суыққа шағымданған болатын.

Биыл ЖЭО-дан 17 шақырым жаңа жылу магистралі тартылып, орамішілік желілер салына бастады. Шағынауданда барлық әлеу­мет­тік нысандар мен алғашқы 145 үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды. Жергілікті биліктің айтуынша, жаңа жылу магистралі – бұл үйлерге сапалы жылу беру ғана емес, шағынауданды дамыту әлеуеті екені сөзсіз.
– Жылыту маусымында жергілікті қазандықтағы үйлерге қызмет көрсету кезінде атмос­фера­ға шамамен 51 тонна шы­ғарындылар болды, өйткені ол көмірмен жұмыс істеді. Енді ауа сапасына әсері айтарлықтай төмендейді, – деп атап өтті Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков. – Сондай-ақ бізде жылу тапшы­лығы болды, тұрғындарға ол аз мөлшерде жеткізіліп тұрды.
Балқаш ЖЭО-на қосылу Қоңы­ратты қалыпты жылумен қамтамасыз етеді және шағын­ауданда жаңа үйлер салуға мүм­кіндік береді. Шенеуніктің айтуынша, онда алты тұрғын үй – шамамен 300 пәтер салынады. Жылу магистралі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Төрт сорғы стансасына қызмет көрсету үшін 20-ға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Қоңыратта қазірдің өзінде оң өзгерістер байқалуда, ол өсіп, өр­кен­деп келеді. Мұнда 20 пәтерлік 10 үй салынып жатыр. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке инвестициялар есебінен тоғыз екі пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жұмыстар аяқталуға жақын. Жаңа құрылыс­тардағы пәтерлер кезекте тұрған­дарға жалға алу шартымен берілмек.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы