Асханадан садақа жәшігін ұрлап кеткен әйел ұсталды – видео
Асханадан садақа жәшігін ұрлап кеткен әйел ұсталды – видео
Фото: polisia.kz
240
оқылды

Асханадан садақа жәшігін ұрлаған әйел бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Полицияға асхананың қызметкері шағымданған.

Алмалы аудандық ПБ бастығының орынбасары Владимир Решетников: «Жедел іздестіру нәтижесінде, ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы әйел ұсталды. Әкімшімен сөйлескенде, ол ақша жинауға арнап орнатылған қорапқа назар аударған. Оның іс-әрекетін ешкім бақыламайтынын пайдаланып, ол қолма-қол ақша ұрлады, – дейді.

https://youtu.be/hP7Ld23JSao

Садақа жәшігі қайырымдылық ұйымдарының біріне тиесілі екені анықталды. Ұсталған Ш.есімді әйел бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет жауапқа тартылған.