Алматыда сот орындаушысын соққыға жыққан Мақсот Ысқақов сотқа талап-арыз түсірді. Бұл туралы Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Мақсот Ысқақов жеке сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тану үшін әкімшілік сотқа арыз берді. Соттың баспасөз қызметі жоғарыда аталған іс 5 қараша күні қаралатынын мәлім етті.