Солтүстік Қазақстан облысында қатаң карантин енгізілуі мүмкін
Солтүстік Қазақстан облысында қатаң карантин енгізілуі мүмкін
© Sputnik / Владислав Воднев
Коронавирус жұқтырғандардың көбеюін өңірдің санитариялық дәрігерлері вакцинация қарқыны төмен болуымен және дельта штамының тарауымен байланыстырып отыр, - деп хабарлады Петропавловск.news. Солтүстік Қазақстан облысы бас санитар дәрігерінің орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, кейінгі кезде облыс бойынша тек 200-300 адам вакцина салдырады, бұл эпидемиология ахуалына кері әсер ете бастаған. Бірақ Қазақстанның барлық өңіріндегі жағдай бірдей емес. Мысалы, Түркістан облысында және Шымкентте вакцинация жоспары 30 қыркүйекте орындалған. Бүгінде екі өңір де «жасыл» аймақта. Вирус таралу қарқыны азайып,  шектеу шаралары жеңілдеген. Ал Солтүстік Қазақстан облысында керісінше, вакцинация қарқыны азайып, ауру деңгейі өсіп жатыр.
"Екі аптадан бері Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймақта. Егер ауру деңгейі азаймаса, мекемелердің жұмысын тоқтатып, локдаун жариялауымызға тура келеді. Әрине, бұл мәжбүрлі шара, себебі науқастар санының көбеюі медициналық мекемелерге салмақ түсіруі мүмкін", — дейді Арман Күшбасов.