Мектеп басшылығы мен дезинфекция жұмыстарын жүргізетін мекеме арасында келісімшарт жасалып, шіркейлерді улау кеше, 14 қазанда сабақ кезінде жүргізілген.
«№9 мектеп-гимназияның директоры қалалық білім бөліміне дезинфекция жүргізілетіні туралы хабарламады. Оқу процесі кезінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізгені үшін мектеп директорына қатаң сөгіс берілді. Облыстық Білім басқармасының басшысы мектеп әкімшілігімен жиналыс өткізіп жатыр. Қосымша ақпарат беріледі», – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Метгүл Қосымбаева.
Ақтөбе облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының хабарлауынша, улау жүргізілетін жерлерде санитарлық қызметке қатысы жоқ адамдардың болуына рұқсат етілмейді. Сол себепті қазір тексеру жүріп жатыр.
«Дезинсекция қызметі» медициналық мекемесі улау кезінде шіркейге, ұсақ жәндікке арналған «К-Отрин СК 50» инсектицид препаратын қолданғанын айтты. Олар нысандар ішін тарақандар мен шыбын-шіркейге қарсы улауда қолданылады.
«Улауда ыстық тұман әдісі қолданылды. Бұл препарат 12.1.007-76 Мемлекеттік стандарты бойынша ағзаға қауіпсіздігі төмен 4-санатқа жатады», – деп жазылған «Қызмет көрсету» медициналық мекемесінің хабарламасында.