Депутаттар ел аралады
Депутаттар ел аралады
268
оқылды

Қарағанды облыстық мәс­лихат депутаттары, «Nur Otan» партиясының фракция мүше­лері Талғат Өтеубаев және Бейбіт Досжанов Ақтоғай ауда­нына іссапармен келіп, саяси ұйымның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағ­дар­­ламасын іске асыру ая­сын­да Жол картасы міндетте­рі­нің орындалу барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында мәс­лихат депутаттары Жол карта­сындағы әлеуметтік бағдарланған аудан бөліміндегі 268 млн теңге қаражат бөлінген, құрылыс ау­мағы 4 956 м2 болатын Ақтоғай ау­да­нының орталық ауруханасы­ның жөндеу жұмысын барып көрді. Одан кейін Жол картасындағы білім беру саласы бойынша 3 жас­тағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қам­тамасыз ету мақсатында «Ақ­қыз» балабақшасындағы ашылған топтың жұмыстарымен және Жол картасында көрсетілген 7 мек­теп­те робототехника, велотуризм, IT сыныптар, техникалық модельдеу бойын­ша 15 үйірме ашу есебінен қосымша білім беруді дамыту ба­рысында Ә.Бөкейхан мектебінде ашылған қосымша білім беру жұ­мысымен танысты. Әрі қарай Ақтоғай ауылын­дағы қаражат көлемі 442,6 млн теңге құрайтын, құрылыс мерзімі 2021-2022 жылдарға жоспарлан­ған төрт 16 пәтерлі үйдің құры­лыс жұмы­сы­мен және «Ауыл – ел бесігі» ая­сын­да құны 357,5 млн теңге бола­тын ор­та­лық саябақ жұмыстары қаралды. Іссапар жалғасы Жидебай ауыл­дық округіне қарасты Сәуле ауылында жалғасып, Жол карта­сындағы құны 30,8 млн теңгені құрайтын, осы жылы салынған ауылдың ішкі жолдарымен та­нысып қайт­ты.

Дәулет АСАУ