«Барыс» капитаны жылына 597 миллион теңге табады
«Барыс» капитаны жылына 597 миллион теңге табады
203
оқылды

Хоккейден «Барыс» клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасындағы ең қымбат ойыншылар рейтингінде көш бастап тұр.

«Спорт-Экспресс» мәліметіне сенсек, бұл тізім ойыншылардың негізгі еңбекақысын есепке алып жасалады. Ең жоғары айлық 900 миллион рубльден аспауы керек, бұл – хоккейшілердің үстемеақы мен сыйақысыз алғандағы кепілді ақшасы. Жылына 100 миллион рубль табыс табатын «Барыс» капитаны рейтингте бірінші тұр. Теңгеге шаққанда оның жылдық табысы – 597 337 300 теңге. Ма­мырдағы рейтингте Диц осы табысымен рейтингте екінші болған. Ол кезде мәскеулік «Динамо» шабуылшысы Дмитрий Яшкин (115 миллион рубль) бірінші тұрды. Кейін ол ҰХЛ-ге ауысқан болатын. Қазір екінші орында – «Динамоның» форварды Вадим Шипачев (95 миллион), ал үшінші орында «Салават Юлаевтың» финляндиялық шабуылшысы Теему Хартикай (90 миллион) жайғасқан.

Мадияр ТӨЛЕУ