Полиция департаментінің мәліметінше, шамамен түнгі сағат 23:30-да Сайрам аудандық ПБ-ға баласы жоғалған әйел көмек сұрап хабарласқан.
Тоғыз жастағы бала күндіз ойнауға кетіп, кешке келмеген. Анасы баласын ары-бері іздеп таппаған.
Полицейлер 1 сағат ішінде жоғалған баланы тапты. Учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Нұржан Думбаев, баланың үйінен 3 көше ары орналасқан арықта ұйықтап жатқан жерінен тапқан.