Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, түнде «Буран-227» патрульдік экипажы Қабанбай батыр көшесінде қарама-қарсы бағыттағы жолақта келе жатқан Hyundai автокөлігін тоқтатты.
Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров: «Полицейлердің талабына мән бермеген көлік жүргізушісі қаша жөнелген. Бірден радиостанция арқылы патрульдік жасақтарға көлікті тоқтату үшін тапсырма берілді. Талғар қаласына баратын экологиялық постта қызмет етіп тұрған полиция аға лейтенанты Мейіржан Бисембаев көлік иесін тоқтатуға тырысты, ол тоқтамастан, инспекторды толық жылдамдықпен қағып кетті», – дейді.