Ат жарысына аудан кәсіпкерлері демеуші болып, Lada Granta автокөлігін сыйға  тартты
Ат жарысына аудан кәсіпкерлері демеуші болып, Lada Granta автокөлігін сыйға  тартты
183
оқылды
«Халыққа көмек» жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалына Нарынқол ауылында  қазақтың лирик, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да, өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында  Нарынқол ауылында атсүйер қауымның қатысуымен қазақтың ұлттық ойыны ұйымдастырылды. Бәйгеге қатысушылар саны – 1000. Осы орайда жүлде алуға демеушілік көмек сұрап, ұйымдастырушы аудан тұрғындары өтініш білдірді. «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Арипова  аталған мәселе бойынша   партия мүшесі, ауданымыздың бетке ұстар белсенді кәсіпкері Қуат Қонаев және Тілек Юсуповке демеуші болуын өтінді. Нәтижесінде, Қуат Қонаев демеуші ретінде бәйгеден жүлделі болған 25 шақырымдық жергілікті аламанның иесі ( жабы жылқылар қосылған), Кеген ауданының тұрғыны Ардақ Иманқұловтың "Ботакөзі" бірінші келуіне орай жүлдесіне  Lada Granta автокөлігін сыйға  тартты. Автокөлік құны – 5 000 000 (бес миллион) теңге.  width=Таза қанды жүйріктерге арналған 25 шақырымдық аламанда Талғар қаласының тұрғыны Мерхат Бұлғыновтың "Жұмбақтасы"  бірінші орын алды.  Тілек Юсупов жүлдегерге демеуші ретінде өз атынан  Lada Granta автокөлігін сыйға тартты, автокөлік құны – 5 000 000 (бес миллион) теңге. Ат жарысына демеуші болған Тілек Юсупов, Қуат Қонаев, Айдос Бақытжанұлындай  кəсіпкерлерге аудан әкімі Нұржан Кеңесұлының партия тарапынан алғысхаттары тапсырылды.