Солтүстікте дәрігерлерге баспана жоқ
Солтүстікте дәрігерлерге баспана жоқ
270
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер мен меди­ци­на саласы мамандары тапшы. Бұл мәселені шешу үшін өзге өңірлерден мамандар шақырылады. Алайда көшіп келген дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі шешілген жоқ. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Солтүстік Қа­зақ­стан облыстық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мә­селелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында айтылды.

«Nur Otan» партиясының «Өз­герістер жолы: әр азаматқа ла­йық­ты өмір!» сайлауалды бағдарлама­сын жүзеге асыру үшін қабылдан­ған Жол картасы аясында биыл Солтүстік Қазақстан облысының орталығында денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне арналған жатақхана салынуы тиіс еді. Бірақ жыл аяқталуға таяғанымен, құ­рылыс жұмыстары әлі күнге дейін басталған жоқ. Бұған респуб­ли­калық бюджеттен қаржы бөлін­бегені себеп. Ал бұдан бірнеше жыл бұрын салынған 80 пәтерлі «Дәрігерлер үйінде» бос пәтер жоқ. Солтүстік Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов өңірімізге басқа жақтан шақырылған дәрігерлерді бас­панамен қамтамасыз ету мәселесі өзекті күйінде қалып отырғанын айтты. «Медицина саласының ма­мандары пәтер жалдап тұруға мәж­бүр. Сондықтан оларға арналған тұрғын үй құрылысын тездету ке­рек», – деді ол. Бір жақсысы сол – басқа жақтан көшіп келіп, ауыл­дық аймақтарға қоныс тепкен дә­рі­герлерге 2,5 миллион теңге кө­тер­ме ақы мен 1 500 айлық есептік көр­сеткіш көлемінде баспанаға ар­налған бюджеттік несие беріледі. Тағы бір өзекті мәселе – Сол­түстік Қазақстан облысында спорт­шыларға арналған дәрігерлік де­нешынықтыру диспансері жоқ. Бүгінде өңірде 175 мыңнан астам жүйелі түрде спортпен шұғылда­­нады екен. Соның ішінде 4 мың­нан астам спортшы республика деңгейінде, 700-ден астамы халық­аралық деңгейде облыс және ел на­мысын қорғап жүр. Бірақ бір әтте­ген-айы – жыл сайын олар мін­детті тереңдетілген медици­на­лық тексерістен өту үшін Алматыға жолданады. Диспансердің меди­циналық қорытындысынсыз олар, әсіресе республикалық құрама командалардың мүшелері оқу-жаттығу үрдісіне қатыса алмайды. «Бүгінде спорт саласының да­му деңгейі мен жоғары жетістік­терді, спортшылардың біліктілігін, жа­рыстарда туындайтын форс-мажор жағдайларды ескере келе дәрігерлік денешынықтыру дис­пансерін ашу­дың шұғыл қажет­ті­лігі туындап отыр. Өйткені біздің спортшылар жарыстарға тиісті медициналық тек­серусіз барады. Спорттық жа­рыс­тарға қатысу үшін спортшы ар­найы медициналық тексеруден өтіп, тар профильді мамандардың қабылдауына барып, белгілі бір жа­рысқа қатысу мүм­кін­дігін көрсе­тетін бірқатар сы­нақтан өтуі тиіс. Соның қорытын­дысы бойынша ғана оларға жа­рысқа қатысуға болатыны не бол­майтыны туралы шешім қа­был­данады. Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес, спорттық медицина ұйым­дарының құрылымында, атап айт­қанда дә­рігерлік денешынықтыру диспан­серінде мамандандырылған бөлім­шелер: функционалдық диаг­нос­тика, клиникалық-биоло­гия­лық зертхана, рентгенологиялық ка­бинет, бейінді дәрігерлер каби­нет­тері, күндізгі стационар және та­ғы басқалары болуы қажет», – де­ді облыстық Дене шынықтыру жә­не спорт басқармасы басшы­сы­ның орынбасары Асылбек Әлдименов. Алайда Солтүстік Қазақстан облысында медицина қызметкер­лерінің кадрлық әлеуеті жеткіліксіз әрі диспансер ашу үшін міндетті қымбат медициналық жабдық­тар­ды сатып алу мүмкін емес. Осыны ескере отырып, Дене шынықтыру және спорт басқармасы облыс басшылығына дәрігерлік дене­шынықтыру диспансері қызметін мемлекеттік тапсырыс арқылы орындауды қарастыруды ұсынды. Жол картасында көрсетілген міндеттердің бірі – тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын 72,9 жасқа дейін арттыру. Статистикалық мә­ліметтер бойынша, былтыр өңір­дегі өмір сүру ұзақтығы 69,9 жасты құраған. 2019 жылғымен салыс­тырғанда бала туу көрсеткіші 1 па­йызға артқан, сонымен бірге адам өлімі көрсеткіші 13,4 пайызға артқан. Бұл тұрғындар қар­таюы­ның жоғары индексіне бай­ла­нысты болып отыр. Жиынды қорытындылай келе кеңес төрағасы Мұрат Жәкенов тиісті басқармалар басшылары мен аудандық кеңестерге Жол карта­сы­ның мүлтіксіз орындалуын на­зарда ұстауды, сонымен қатар об­лыста Омбудсмен институтын құру тұжы­рымдамасын жасауды, спорт­шы­лар­ға арналған дәрігерлік денешы­нықтыру диспансерін ашу үшін жұмыс тобын құрып, елі­міз­дің өзге өңірлеріндегі осындай ме­кеме­лер­дің жұмысын сараптау­ды тапсырды.

Роза ШӘКЕН, Солтүстік Қазақстан облысы