Мектеп оқушылары қашан күзгі демалысқа шығатыны белгілі болды
Мектеп оқушылары қашан күзгі демалысқа шығатыны белгілі болды
© koom.press
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылардың күзгі демалысы қашан басталып, қанша уақытқа созылатынын айтты. 
"Оқушылардың күзгі демалысы  да жақындап қалды. Қазір барлық мектепте жиынтық бағалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Келесі аптада барлық негізгі пәндер бойынша тоқсандық жиынтық баға қойылады. Содан кейін оқушылар демалысқа шығады.  Күзгі демалыс 1 - 7 қараша аралығында болады", - деді Каринова онлайн брифингте.
Бұған дейін вице-министр Түркістанда мектеп дәретханасында соққыға жығылып, қайтыс болған 5-сынып оқушысына қатысты пікір білдірген болатын.