WhatsApp-та жаңа функция пайда болады
WhatsApp-та жаңа функция пайда болады
©tengrinews.kz
251
оқылды

WhatsApp мессенджерінің қолданушылары тауарлар мен қызмет түрлерін арнайы каталогтан іздей алатын жаңа функцияны пайдаланатын болады. Бұл жайында РИА Новости хабарлады.

Енді жаңа функция арқылы әр қолданушы сатып алғысы келетін затын немесе оның бағасын көре алады. Тіпті оған арнайы хабарланып отырады. Бастысы қолданушы өзіне қажетті дүниені белгілеп, көрсетіп қойса болғаны. Сонда ұзақ сонар тізімді ақтарып отырмайды. 

Ал мұндай қызметке қосылу үшін сілтеме арқылы немесе қауымдастық бөліміндегі сатып алу тетігін басып кіруге болады. Алайда бұл қызметтің нақты қашан қосылатыны белгісіз. Жалпы, әлі күнге дейін Қазақстан мен Ресейде WhatsApp арқылы сауда жасау мүмкін емес. Бұған дейін WhatsApp мессенджері хабарламалар тарихын iOS және Android құрылғылары арасында жіберуді жеңілдететін жаңа опция енгізілмек болған. Соның арқасында хабарламалар тарихын, файлдар мен деректерді бір платформадан екінші платформаға ауыстыруға мүмкіндік береді. Деректерді көшіру мүмкіндігі қазір жетілдіру сатысында. Бірақ WhatsApp бета-нұсқасында бұл функция тексеріліп, қолайлығы көрсетілген.