Полицейлер жолда көлігі өртенген ерлі-зайыптыны құтқарды – видео
Полицейлер жолда көлігі өртенген ерлі-зайыптыны құтқарды – видео
Фото: azh.kz
137
оқылды

Polisia.kz-тің жазуынша, Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы  Жанали Шатаев пен Аңсар Жалғасбеков «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының 600 шақырымында жапа шеккен жүргізушіге көмектесті.

Көлік Түркістан облысы Түлкібас ауданының Шақпақ баба елді мекені маңында өртенген. Машинадан ақау шығып, аяқасты отқа оранған. Жолда өртті байқаған полицейлер бірден тоқтап, көліктегілерге көмек берді.   https://youtu.be/0WEVESwlDqk

Ерлі-зайыпты Алматыдан Шымкент қаласына келе жатқан. Өрттен аман қалған екеуі полицейлерге алғыс айтты.