Жамбылда есірткі дайындаумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша 39 және 51 жас аралығындағы 5 күдікті анықталды.
https://www.youtube.com/watch?v=t0pxBn7bO1c&feature=emb_title
Аталған ер адамдардың төртеуі – Байзақ ауданының тұрғындары, біреуі Тараз қаласынан.
"Олардың тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ күдіктілердің бірінің өндірістік базасына тінту жасап, бір мезгілде жүргізілген ұстау операциясы барысында жалпы салмағы 1 келіден астам гашиш, 30 келіден асатын марихуана есірткі заттары, өсірілген каннабис өсімдігінің бұталары, илеуіш құралы және гашиш өндіруге арналған басқа да құрылғылар, сондай-ақ тіркелмеген 2 тегіс ұңғылы мылтық, 25 аңшылық және 16 травматикалық патрондар тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың барлығы өз кінәсін мойындап, Тараз қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған қылмыстық іс бойынша Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ және ТБ тәжірибелі қызметкерлерінен тергеу-жедел тобы құрылды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деп атап өтті ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.