Жолда көлік жүргізушісі жылқыны қаққан.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota camry маркалы автокөліктің жүргізушісі Тараздан Алматыға бара жатып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының 171- шақырымында жылқыны қағып кеткен.«Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Жарақат алған 2 жолаушы Қордай ауруханасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде», – деді полицейлер.