Оқиға бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында болған. Полиция департаменті апаттың себебін анықтап жатыр.
«Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді» делінген ресми хабарламада.
Ұшақ FlyJet.kz әуекомпаниясына тиесілі және 22 қазан күні таңғы сағат 7:00-де Бакуден ұшып келген.