"Атырауда 6-қабаттан құлап кеткен 5 жасар қызды жерлеуге ақша жинап жатыр": Полицейлер мәлімдеме жасады
"Атырауда 6-қабаттан құлап кеткен 5 жасар қызды жерлеуге ақша жинап жатыр": Полицейлер мәлімдеме жасады
© inform.kz
162
оқылды
Полицейлер Атырауда 6-қабаттан құлап кеткен баланы жерлеу рәсіміне ақша жинап жатқан алаяқтардан сақ болуға шақырды,  деп хабарлайды өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 21 қазанда Атырау қалалық Полиция басқармасына 43 жастағы әйел шағымданған. Ол әлеуметтік желіде әлдекімдер терезеден құлап кеткен қызының жерлеуіне ақша жинап жатқанын айтқан.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі бойынша (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті іздестіріліп жатыр", - деп хабарлады өңірлік Полиция департаменті.
Осы ретте тәртіп сақшылары алаяқтарға сенбеуге шақырады. 20 қазанда Атырауда 6-қабаттан құлаған 5 жасар қыз ауруханада көз жұмды. Бұған дейін 13 жасар қыздың 20 қабаттан секіріп кеткенін хабарлаған болатынбыз.