Салық кодексіне өзгерістер енбек
Салық кодексіне өзгерістер енбек
217
оқылды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалы­ғымен палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыс­тың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттар қарауына Қазақстан Респуб­ли­касындағы Адам құқықтары жө­ніндегі уәкіл туралы және оған ілеспе заң жобалары бірінші оқы­­лымда ұсынылады. Адам құ­қықтары жөніндегі уәкіл қыз­ме­тінің мәселелері бойынша Әкім­шілік құқықбұзушылық туралы және Салық кодекстеріне өзге­рістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Күн тәртібінің жобасында жа­нуарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын бі­рінші оқылымда ілеспе түзету­лерімен қарау қарастырылған. Сондай-ақ бірінші оқылымда Әкім­шілік құқықбұзушылық ту­ралы кодекске жануарларға жа­уапкершілікпен қарау мәселелері бойынша түзетулер  енгізу тура­лы жоспарланған. Осы заң жобасының негізгі міндеттері – жануарларға қарау кезінде жалпы және арнайы та­лаптар белгілеу, жануарларды қа­тыгез қараудан, азап пен қы­ры­лудан қорғау, жануарларды қа­тыгездікпен өлтіруге жол бер­меу, қоғамның адамгершілігі мен ізгілігін нығайту, қаңғыбас жа­нуарлардың санын реттеу сала­сындағы ақпараттың қауіпсіз­дігін, ашықтығын, азаматтардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету. Сонымен қатар Мәжілістің бейінді комитеттері алдағы жал­пы отырыста Қазақстанның ха­лық­аралық шарттары туралы заң жобасын және Салық және бюд­жетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексін жұмысқа алады.

Ж.НҰРЛАН