1200-ден астам жендеті бар қылмыстық топ басшысы ұсталды
1200-ден астам жендеті бар қылмыстық топ басшысы ұсталды
Фото: novosti-n.org
341
оқылды

Колумбияда көп жылдар бойы ұстатпай жүрген қылмыстық топтың басшысы Дайро Усуга ұсталды, – деп жазады 24.kz.

Отоньель деген лақап атпен белгілі есірткі баронын құрықтау үшін арнайы операция елдің солтүстік-батысындағы Ураба өңірінде өтті. Оған арнайы жасақтың 500 сарбазы мен 22 тікұшақ жұмылдырылды. Операция барысында 1 полицей көз жұмды.

Президент Иван Дуке операцияны 1990 жылы Пабло Эскобарға қарсы операциядан кейінгі қылмыстық топтарға берілген ең ауыр соққы деді. Дайро Усуга Колумбияда «Шығанақ тобы» деп аталатын қылмыстық топты басқарған. Ол заңсыз есірткі және пайдалы қазбаларды сатумен бірге адам саудалаумен де айналысқан. Топтың құрамында 1200-ден астам жендет болған.

АҚШ оған 2009 жылы іздеу жариялап, жүрген мекені туралы ақпарат үшін 5 миллион доллар сыйақы тағайындаған.   https://youtu.be/N99VIVhmtds

Бұған дейін Қазақстанда ұрлаған көліктерді жерасты бункерге жасырған қылмыстық топ туралы жазған болатынбыз.