Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы жастарға патриоттық тәрбие беруде маңызы зор – Жақыпов
Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы жастарға патриоттық тәрбие беруде маңызы зор – Жақыпов
Фото: elana.kz
745
оқылды

Әскери-патриоттық тәрбие жүйесі туралы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі, полковник Бисен Жақыпов айтып берді.

– Бейсен Жарылқасынұлы, жалпы әскери-патриоттық тәрбие дегеніміз не? Оның мазмұнының негізінде неде жатыр?

– Әскери-патриоттық тәрбие бұл кешенді, жоспарлы үйлестірілген қызмет. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты қиындықтарға қарамастан біз әрдайым әскери-патриоттық жұмыстарды атқарып келеміз.  Бұл жұмыста жергілікті атқарушы органдармен, мәдени орталықтармен, ардагерлік ұйымдармен бірлесіп, өзара іс-қимылда, жұмыс істеудеміз. Біз тек қана әскери қызметшілермен ғана емес, жастармен де жұмыс істейміз. Мысалы, 2015 жылы ашылған Ұлттық әскери-патриоттық орталығы. Оның базасында 2018 жылы Елбасының бастамасымен «Жас сарбаз» балалар-жасөсіпірмдер қозғалысы құрылды. «Жас сарбаз» қозғалысының арқасында қазір әскери-патриоттық клубтардың саны 7000-нан асты. Ал оған қатысатын балалардың саны 215 мыңдай. Жыл сайын өткізілетін «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын  атап өтер едім. Оған жыл сайын 2000-нан астам клубтар және 55000-нан астам бала қатысып, өздерінің жетістігін көрсетеді. Сонымен қатар, жыл сайын «Жас сарбаз» және «Сарбаз сахнасы» әскери-патриоттық әскери фестивалі де өткізіліп келеді. Сонымен қатар, жыл сайын сабақ басталған кезде мектептерде өткізілетін «Ерлік сабақтары» дегендер бар. Оны білесіздер. Осындай жұмыстар әрдайым атқарылуда.

– Ал, енді мына әскери-патриоттық тәрбие жұмыстар қалай ұйымдастырылған. Жалпы мемлекеттің дамуының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, әскери-патриоттық тәрбиенің тәсілдері өзгере ме?

– Әскерде мемлекеттік-құқықтық даярлық сабағы жүйесінде біз Елбасының «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының талаптарын түсіндірумен айналысамыз. Сонымен қатар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру жиі жүргізіледі. Сондай-ақ жуырда Мемлекет басшысы – еліміздің Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біз патриоттарды және Отан қорғаушыларды мектеп қабырғасынан бастап тәрбиелеу керекпіз деп айтып еді. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі қазіргі кезде азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидаларын бекіту жөніндегі Үкіметтің қаулы жобасын дайындауда. Қаулы жобасында әскери-патриоттық жетілдіру, оны іске асыру тетіктері мен одан күтілетін нәтижелері көзделген.

– Әскери-патриоттық жұмысқа кімдер атсалысады?

– Әскери-патриоттық жұмысқа тек қана біздің Қарулы Күштердің ғана емес, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың, яғни Ұлттық ұлан, Шекара қызметінің әскери қызметшілері, сонымен қатар әрине мына, алдында айтып кеткендей, шақырылуға дейінгі жастар қамтылады. Осы жұмысты атқару үшін, жергілікті атқарушы органдармен, ардагерлер ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыс атқарамыз. Әсіресе, ардагерлер ұйымдарының көмегі өте зор деп айтар едім. Соның ішінде бұрынғы Кеңес Одағының кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер әлі де әскер қатарында қызмет етуде, олардың тәжірибесі, беретін көмегі бізге орасан зор. Олар өздерінің бай тәжірибесімен офицерлермен, сержанттармен, сарбаздармен бөліседі және олар ерік сабақтарына қатысып, мектептерге барып, өздерінің басынан өткен жайларды айтып, мектеп оқушыларын тәрбиелеуде де орасан зор қызмет атқаруда. Жалпы осындай ауқымды жұмыстар әрқашан атқарылуда.