Өндірісті өрге сүйреген кәсіпорын
Өндірісті өрге сүйреген кәсіпорын

«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері, Шымкент қалалық мәсли­хаты­ның депутаттары Талғат Балтабаев, Наргиза Керимбаева және Айжан Наим­бекова «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағ­дарламасының 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы қалай жүзеге асыры­лып жатқанына мониторинг жүргізді.

Осы іс-шараның барысында Шым­кентте ашылған LUX Shoes ЖШС табиғи былғарыдан аяқ­киім шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты. Аталған фаб­риканы ашуға 200 млн теңге ин­вестиция тартылып, Түр­кия­дан жабдықтар мен шикізат са­тып алынған. Кәсіпорын маман­дары сол елден өндірістің қыр-сы­рын үйреніп, арнайы дәріс­тер­ден өтіп келді. Бүгінде фабрикада күн сайын 150 жұп аяқкиім шығары­ла­ды. Бұл кәсіпорын – қала бойын­ша өнеркәсіптік көлемде мо­дельдік және күнделікті, жаз­ғы және қысқы аяқкиім шы­ғару­ды жолға қойған бірінші кә­сіп­орын. Фабрикада жаңа модель­дер­ді әзірлеу үшін 3 дизайнер жұ­мыс істейді. Жақын арада әйел­дер аяқкиімінің желісін іске қосу жоспарланып жатыр. Аяқкиім фабрикасын пайда­лануға беру қазақстандық ша­ғын кәсіпорындарға фурнитура шы­ғару, оның ассортиментін кеңейту бойынша серпін береді. Бұл өз кезегінде жұмыс орын­дары санының өсуіне әкеледі. Жол картасының 60-тармағында 80 мың тұрақты жаңа жұмыс ор­нын ашу көзделген болса, атал­ған кәсіпорын осы мәселені ше­шу­де негізгі орын алып отыр деп айта аламыз.

Би-Барыс КӨКШЕ