«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері, Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Талғат Балтабаев, Наргиза Керимбаева және Айжан Наимбекова «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы қалай жүзеге асырылып жатқанына мониторинг жүргізді.
Осы іс-шараның барысында Шымкентте ашылған LUX Shoes ЖШС табиғи былғарыдан аяқкиім шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты. Аталған фабриканы ашуға 200 млн теңге инвестиция тартылып, Түркиядан жабдықтар мен шикізат сатып алынған. Кәсіпорын мамандары сол елден өндірістің қыр-сырын үйреніп, арнайы дәрістерден өтіп келді. Бүгінде фабрикада күн сайын 150 жұп аяқкиім шығарылады. Бұл кәсіпорын – қала бойынша өнеркәсіптік көлемде модельдік және күнделікті, жазғы және қысқы аяқкиім шығаруды жолға қойған бірінші кәсіпорын. Фабрикада жаңа модельдерді әзірлеу үшін 3 дизайнер жұмыс істейді. Жақын арада әйелдер аяқкиімінің желісін іске қосу жоспарланып жатыр. Аяқкиім фабрикасын пайдалануға беру қазақстандық шағын кәсіпорындарға фурнитура шығару, оның ассортиментін кеңейту бойынша серпін береді. Бұл өз кезегінде жұмыс орындары санының өсуіне әкеледі. Жол картасының 60-тармағында 80 мың тұрақты жаңа жұмыс орнын ашу көзделген болса, аталған кәсіпорын осы мәселені шешуде негізгі орын алып отыр деп айта аламыз.Би-Барыс КӨКШЕ