«Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Айман Түкбаева төрағалығымен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта фракция мүшелерінің кезекті отырысы өтті.
Бұл жиынға облыстың барлық деңгейдегі депутаттары және Жезқазған қалалық мәслихатының «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері қатысты. Күн тәртібінде көтерілген негізгі мәселе – «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалуы. Жиын барысында Жол картасында көзделген жұмыстардың жүзеге асырылуы талқыланды. Сонымен қатар депутаттар әртүрлі мәселелер бойынша өздерінің ұсыныстарын жолдады. Жергілікті «Nur Otan» партиясының депутаттары жыл соңына дейін «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының толық орындалуын қамтамасыз етіп, Жол картасы аясындағы тәуекелді іс-шаралардың атқарылуын бақылауға алмақ. Бұл Мемлекет басшысы ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты мақсаты екені айтылды.Би-Барыс КӨКШЕ