Биыл 23 қазан күні Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне шаруа қожалықтың 56 жастағы басшысы арызданған.
Жәбірленушінің айтуынша, ұры түнде далада тұрған екі трактордан 750 литр дизель отынын ұрлап кеткен. Шығын көлемі – 247 мың теңге.
Полицейлер көп ұзамай күдіктіні ұстады. 37 жастағы күдікті кінәсін мойындады.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.