Арал теңізі туралы деректі фильм Netflix-тің үлкен стримингтік платформасына шығады
Арал теңізі туралы деректі фильм Netflix-тің үлкен стримингтік платформасына шығады
© vlast.kz
565
оқылды
Режиссер Катерина Суворованың «Завтра Море» атты деректі фильмі Netflix-тің үлкен стримингтік платформасына шығады.  Қазіргі уақытта фильмді Еуропаның барлық елі көре алады, АҚШ-та фильм Amazon платформасында көрсетіледі. ТМД елдеріне көрсету үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. «Завтра море» (Sea tomorrow) – режиссер Катерина Суворованың тәуелсіз толық метражды деректі фильмі. Кеуіп қалған Арал теңізінің жағалауында тұратын адамдардың өмірі туралы баяндайды. Фильмнің әлемдік премьерасы Локарнода (Locarno IFF) халықаралық фестивальде өтті.  Фильм бірқатар марапатқа ие болған.