Пенжімдегі жанжал: зардап шеккен жасөспірім ауруханада жатыр – видео
Пенжімдегі жанжал: зардап шеккен жасөспірім ауруханада жатыр – видео
Фото: Видеодан скриншот
272
оқылды

Алматы облысының Полиция департаменті 27 қазан күні Панфилов аудандық орталық ауруханасына Пенжім ауылындағы мектеп аумағынан 16 жастағы жасөспірім дене жарақатымен түскенін хабарлады.

Тексеру барысында 9 және 10-сынып оқушыларының арасында ауызекі ерегестен дау-дамай туып, арты оқушылар арасындағы төбелеске ұласқан. Төбелес салдарынан жасөспірімнің зардап шеккені белгілі болды.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс тіркелді, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды.

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)

Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы тұрақты, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Ауыл азаматтарымен аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы ПД бастығы тарапынан кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта ауылдағы жағдай тұрақты және бақылауда.