Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Айна Бакееваға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы қалалық сот хабарлады.
Дәрігер Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы 1-бөлімімен (ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынған. Сот үкімін Шымкент қаласының Полиция департаменті орындайды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін астанадағы №58 мектептің дәретханасында жасырын вакцина салынғаны туралы видео тараған болатын.