Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Пенжім ауылында жаппай төбелес кезінде жарақат алған оқушының денсаулығы туралы айтты.
Кеше 2005 жылы туған мектеп оқушысы Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына жеткізілген.
«Ашық бас сүйек-ми жарақатына байланысты науқастың жалпы жағдайы ауыр. Диагнозы – бас сүйек-мидың ауыр ашық жарақаты, оң жағы көгерген. 2-3-дәрежелі травматикалық шок алған. Есін біледі», – деді дәрігерлер.