Қордайдағы 5 жасар қызын бір көруді армандаған қырғызстандық келіншек қайтыс болды
Қордайдағы 5 жасар қызын бір көруді армандаған қырғызстандық келіншек қайтыс болды
© kaztag.kz
417
оқылды
Жамбыл облысы Қордай ауданында тұратын 5 жасар қызын бір көруді армандаған Қырғызстанның қатерлі дертке шалдыққан тұрғыны Алина Батурова қайтыс болды. 24.kg сайтының жазуынша, әйелдің өмірден өткені туралы  "Вместе ради жизни" онкологиялық орталығының директоры Шайыр Сағынбаева хабарлаған. Алинаның қызын бір көру арманы орындалмады. Бұған дейін қырғызстандық келіншек Қордайдағы бес жасар қызын бір көруді армандайтынын жазған болатынбыз. https://www.youtube.com/watch?v=LR7UW1flHAU