Тұлпар мініп, ту алған
Тұлпар мініп, ту алған
201
оқылды

Кеше «Nur Otan» партиясының елордалық филиалында «Тұлпар мініп, ту ал­ған!» байқауының ұйымдастырушыларымен баспасөз конференциясы өтті.

«Тұлпар мініп, ту алған!» бай­қауы Тәуелсіздіктің 30 жыл­ды­ғына орай Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағ­дар: Рухани жаңғыру» мақа­ла­сында айқындалған міндет­тер­ді және «Nur Otan» партия­сы­ның сайлауалды бағдарла­ма­сы­ның «Парасатты және зият­кер қоғам» бағытын іске асыру мақ­сатында Qazaq Epos қоғам­дық қорымен бірлесе отырып ұйымдастырылды. «Жобаның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бос уақытын ұйым­дастыру, шығармашылық қа­білеттерін дамыту, патрио­тизмге баулу, азамат ретінде өзін-өзі тануға бағыттау, са­лауат­ты өмір салтын қалып­тас­тыру. Жыл сайын жобаға қа­ты­су­шылардың саны көбеюде, қа­зір 3-кезеңге Нұр-Сұлтан қа­ла­сының әр ауданынан 60-тан арт­ық оқушы қатысуда», – деді «Тұлпар мініп, ту алған!» Рес­пуб­ликалық байқауының жетек­шісі Арман Абдоллаев. Сонымен қатар баспасөз мәс­лихатына «Nur Otan» пар­тия­сының Нұр-Сұлтан қалалық фи­лиалы төрағасының орын­ба­сары Еркеғали Алимкулов және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарын­ды­лық­ты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ди­рек­торы Ғаждембек Тұрсынов қа­тысты.

Би-Барыс КӨКШЕ