Көпір құрылысын тексерді
Көпір құрылысын тексерді
256
оқылды

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мен жауапты баскарма өкілдері Қазалы ауданында болып, партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламаларының жүзеге асырылуын тексерді.

Жол картасы бойынша облыс аумағындағы «Қазалы – Қожабақы – Бозкөл – Кәукей» автомобиль жо­лының Қарлан учаскесі тұсынан Сыр­дария өзені арқылы салынатын кө­пірдің құрылысы 2022-2023 жыл­дарға жоспарланған. «Жобаны жалпы құны – 4,4 млрд теңге. Көпірдің құрылысын 17 айда са­лып бітіру жоспарланған. Салы­на­тын өткелдің жалпы ұзындығы 2,5 км болса, темірбетон көпірінің ұзындығы – 248 метр. Автокө­лік­тер­дің қозғалыс жолағының саны – 2 тарау, жалпы ені – 13 метр. Сон­дай-ақ  жаяу жүргіншілер жолы мен жарық шамдар да орнатылатын болады», – деді Қазалы аудандық тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық, жолаушылар көлігі және ав­томобиль жолдары бөлімінің бас­шысы Мұрат Әбсұлтанов. Әйтеке би кенті мен Қазалы қа­ласын, сонымен қатар сегіз елді ме­кенді байланыстыратын бұл кө­пірге елдің артып отырған үміті күш­ті. Сондықтан да партиялық ба­қылау комиссиясының өкілдері құ­рылыстың сапалы жүргізілуін қа­зірден бастап қадағалауға кіріс­кен, ал ол аяқталғанда ел игілігіне ай­налатыны, өңір экономикасы­ның дамуына елеулі үлес қоса түсе­ті­ні анық.  

Би-Барыс КӨКШЕ