«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 2021 жылғы жұмыс жоспары бойынша отырысы өтті.
Аталған іс-шараға партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы М.Себасов және кеңес мүшелері, «Nur Otan» партиясы МОФ Партиялық бақылау комиссиясының инспекторы А.Хибасов, АҚФ жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Н.Сейдалиева қатысты. Одан бөлек, Түпқараған ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы Түпқараған аудандық филиалының төрағасы А.Қосуақов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Қ.Байгебаев шақырылды. Күн тәртібінде Түпқараған ауданында «Сыбайлас жемқорылыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын» орындау және ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдаудың төртінші бағытының іске асырылу жайы қаралды. Сондай-ақ жиын барысында «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің 29 қыркүйек 2021 жылғы №001-09 қаулысының 2.6-тармақшасына, 2015-2025 жылдарға арналған Жол картасының 21 тармағына сәйкес, ЖАО мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың орындалысы талқыланды. Түпқараған ауданы әкімінің баяндамасы тыңдалып, талқыланып, сұрақтарға толық жауап алынды. Семинар-кеңестің тақырыбы бойынша отырысқа қатысушылар сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.Би-Барыс КӨКШЕ