Алматыда 11 қабаттан секіріп, көз жұмған оқушының әкесі мәлімдеме жасады
Алматыда 11 қабаттан секіріп, көз жұмған оқушының әкесі мәлімдеме жасады
© tengrinews.kz
436
оқылды
Алматыда 11 қабаттан секіріп, қайтыс болған Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Сергей Кимнің әкесі Виктор Ким мәлімдеме жасады.  Ол Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылығына, отбасында болған қайғылы жағдайға, туыстары мен жақындарының көңіліне түсіністікпен қарауды сұрайды.
"Менің ұлымның атын пайдаланбауды және әлеуметтік желілердегі кез-келген іс-шараларды, акциялар мен жазбаларды, соның ішінде юбка киюді насихаттауды тоқтатуыңызды сұраймын", – деп жазды Виктор Романович.
Сонымен қатар отбасы оқушыға қысым көрсету және оның психологиялық мәселелері туралы барлық болжамдар мен айыптаулардың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті, Сергейдің ата-анасының мектеп басшылығына, сондай-ақ куратор мен психологқа шағымдары жоқ.   Қазіргі уақытта жазатайым оқиға фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін қосымша ақпарат жариялап, кеңейтілген түсініктеме бермейді. Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі оқушының өліміне қатысты мәлімдеме жасаған болатын.