Оқушылардың 0,04%-ы коронавирус жұқтырды
Оқушылардың 0,04%-ы коронавирус жұқтырды
236
оқылды

Бүгін, сенбіде қазақ­стан­дық білім беру ұйым­да­рын­да бірінші тоқсан аяқ­талды. Күзгі демалыс 1 қа­рашадан басталып, 7 қа­ра­шаға дейін жалғасады. Екінші тоқсанды білім алу­шылар 8 қараша күні дәс­түрлі, оффлайн форматта бастайды.

Бірінші тоқсандағы білім беру процесі де оффлайн ре­жимде өтті. «І тоқсанда оқушылардың біліміне диагностика жүргізіліп, білімдегі олқылықтардың орнын толтыру жұмыстары жүргізілді. Барлық негізгі пән бойынша күр­делі тақырыптар анықталып, олар­ды игеруге жеке уақыт бө­лін­ді. Балалар мен ата-анала­ры­ның қалауы бойынша 62 мыңнан астам оқушы үшін жекелеген оқу пән­дері бойынша сабақтар ұйым­дастырылды», – деді БҒМ Мек­тепке дейінгі және орта бі­лім ­ко­митетінің төрайымы Гүл­мира Кәрімова. І тоқсанда Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қы­зылорда және Солтүстік Қа­зақстан облыстарындағы оқу­шы­лардың 100%-ға жуығы дәс­түрлі форматта білім алды. Аяқталған тоқсанда оқушы­лардың жалпы санының, яғни 3,6 миллионының 0,04%-ы ко­ро­навирус жұқтырған. Сынып­тардың жалпы санының 6%-ы карантинге жіберілді. Жаңа оқу жылында 7 мыңнан астам мектепте 3,6 млн бала оқиды. Биыл 394 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттады, бұл өткен жылмен са­лыс­тырғанда 19 мыңға көп.

Айхан ШӘРІП