Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 34 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
28 қазан күні коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 135 жағдайы тіркелді. Оған қоса, 190 адам сауығып шықты.
30 қазандағы мәлімет бойынша, 47 562 адам коронавирус инфекциясынан (41 790 КВИ+ және 5 772 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
8 243 пациент стационарда,
39 319 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
567 адамның жағдайы ауыр,
160 пациенттің жағдайы өте ауыр,
112 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Сонымен қатар, 29 қазанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 276 713 адам, 2-компонентін 7 473 451 адам салдырғаны белгілі болды.