Қазақстандықтар Ресей, АҚШ және Германияға жиі хат жазады
Қазақстандықтар Ресей, АҚШ және Германияға жиі хат жазады
Сурет: depositphotos.com
606
оқылды
Қазпошта 140 елмен хат алмасуға мүмкіндік береді. Осы орайда қазақстандықтардың қай елдермен көбірек хат алмасатыны белгілі болды. Бұл туралы "Қазпошта" АҚ Facebook желісінде жазды, – деп хабарлайды Informburo.kz порталы. Қазақстан көп хат алмасатын мемлекеттер тізімінде Ресей көш бастап тұр. Биылғы 9 айда Қазпошта Қазақстан мен Ресей арасында 900 мыңға жуық хат тасымалдаған. Сондай-ақ, қазақстандықтардың Германия, АҚШ, Өзбекстанға жиі сәлемдеме жіберіп, АҚШ пен Германияға жиі хат жазатыны белгілі болды.
"Қазақстанға көбінесе Ресейден сәлемдеме келеді. Екінші орында – Германия, үшінші, төртінші орындарда АҚШ пен Қытай тұр. Мұнымен қатар, Қытай, Латвия сияқты елдер Қазақстанға 400 мыңнан астам хат жолдаған", – делінген Қазпошта хабарламасында.
Жыл басынан бері қазақстандықтарға Қазпошта арқылы 6 миллионнан астам хат пен сәлемдеме келіп түсті.