"Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша бірінші бала дүниеге келді
"Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша бірінші бала дүниеге келді
Сурет: Irina_kukuts
507
оқылды
Бала – Қазақстандағы ЭКО әдісімен дүниеге келген алғашқылардың бірі. Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылында тұратын ерлі-зайыптылар 9 жыл бойы ата-ана болуға тырысқанымен, қадамдары сәтсіз болды, – деп хабарлайды atpress.kz басылымы. Отбасылық жұп репродуктивті медицина институтына соңғы үмітпен жүгінген. Дана «Жас-Ай» медициналық орталығында аға мейірбике болып жұмыс істейді, ал жұбайы - Қуандық, электрик, осы жылдар ішінде отбасы қаржылық себептерге байланысты ЭКО-ға бара алмады. Өйткені, бұл медициналық қызмет көп қаржыны талап етеді. Бірақ Президенттік бағдарламаға қатысушылар үшін шығын толықтай әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен, яғни, тегін жасалады. Көптен күткен алғашқы жүктілік ЭКО бағдарламасынан кейін дәрігер Аяулым Берікболқызы Косетованың қатысуымен 15 қазанда салмағы 3 келі 156 г және бойы 52 см Арман есімді дені сау бала дүниеге келді. Еске сала кетелік, күні бүгінге дейін елімізде жасанды ЭКО әдісімен 25 мың бала дүниеге келген.