Атырауда 10 жастағы бала тоңазытқыш артына тығылып, мерт болды
Атырауда 10 жастағы бала тоңазытқыш артына тығылып, мерт болды
Фото: Zakon.kz
254
оқылды
Атырауда үйде тығылмақ ойнаған бала тоңазытқыштың артына жасырынған, оны тоқ соқты, – деп хабарлайды atpress.kz. "Шұғыл көмек пультіне 14.45-те қоңырау түсті. Бригада оқиға орнына 14.51-де жетті. Алайда ұл бала жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Оның денесінен жарақат ізі байқалған жоқ. Мәйіт сараптамаға жіберілді, тексеріс жүріп жатыр" делінген полиция департаментінің хабарламасында. Атырау облысы ПД-ның алдын ала ақпаратынша, 2011 жылғы бала үйде тығылмақ ойнап жүріп, тоңазытқыштың артына жасырынған. Сол кезде оны тоқ соққан. Полицияға қайғылы оқиғаның мән-жайын баланың әжесі хабарлады.