Әлем чемпионаты: бүгін алты боксшы шаршы алаңға шығады  
Әлем чемпионаты: бүгін алты боксшы шаршы алаңға шығады  
Фото: inbusiness.kz
147
оқылды

Әлем чемпионаты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде астана уақытымен сағат 18.00-де және кешкі сағат 23.00-де көрсетіледі.

Күндіз Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Мормен кездессе, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) поляк Дамман Дуркачпен жұдырықтасады. Нұрқанат Райыс ауғанстандық Сулиман Асламимен күш сынасады. Ал кешке Сәкен Бибосынов (51 келі) үндістандық Дитакпен, Санатәли Төлтаев (63,5 келі) украиналық Денис Песоцкий, Нұрбек Оралбай (80 келі) венгриялық Пал Ковачпен жұдырықтасады. Күндізгі сессия елорда уақытымен 18.00-де, кешкісі 23.00-де басталады.

Бұған дейін боксшы Асланбек Шымбергеновтің жеңісі туралы жазған болатынбыз.