Қараша айында ауа райы қандай болады?
Қараша айында ауа райы қандай болады?
Фото: turkystan.kz
305
оқылды

Синоптиктер болжамынша, қарашаның алғашқы онкүндігінде солтүстік, шығыс және орталықта, ал 3 қарашадан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінде, онкүндіктің соңында республиканың солтүстік-батыс жартысында атмосфералық фронттар әсерінен тұман, көктайғақ, жел екпіні күшейіп, жаңбыр соңы қарға ұласады.

3-4 қарашада республиканың басым бөлігі Қара теңіз өңірлерінен ығысқан ауқымды суық антициклон ықпалында болады. Ауа температурасы төмендейді. Батыс өңірде ғана жылы болады. Қазақстанның батысында түнде 0, +8 градустан -5 +2 градусқа дейін, күндіз +10 +18 градустан 0, +10 градусқа дейін; Республиканың солтүстік-батыс жартысында, орталығында және шығысында түнде -5 +5 градустан -5 -15 градусқа дейін, шеткі шығыста -20 градусқа дейін, күндіз +2 +8 градустан -3 -10 градусқа дейін; Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде -3 +5 градустан -1 -13 градусқа дейін, күндіз +10 +16 градустан -5 +3 градусқа ауа температурасы құбылмалы болады. Айдың ортасында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Екінші онкүндіктің бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы солтүстік-батыс циклон әсерінен құбылмалы болады. Қар жауып, жел соғып, бұрқасын болады. Одан кейін суық ауа массаларына байланысты екінші онкүндіктің аяғында, үшінші онкүндіктің басында және аяғында ауа температурасы төмендейді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында суық күндері термометр бағаны түнде -17 -25 градусқа дейін, күндіз -8 -13 градусқа дейін, ал батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста төмендейді. Республика бойынша, ауа температурасы - түнде -5 -17 градусқа дейін, күндіз -2 -7 градусқа дейін төмендейді.

Күндіз еліміздің солтүстік жартысында аяз басылып, күн жылиды. Оңтүстікте ауа температурасы +3+12 градусқа дейін жылынады.