Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
© ult.kz
204
оқылды
«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәуліктің ауа райы болжамын жариялады.  2-3 қарашада атмосфералық ағындардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) жауып, екпінді жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын тұрады деп болжануда. 3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда нөсер жауын жауады. Үшінші күні солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты жауын-шашын бірте-бірте азайып, ауа температурасы едәуір төмендейді. Солтүстік-батыста түнде температура 5...15 аяз, солтүстікте, орталықта, шығыста 10...20 аяз, оңтүстікте 3...13 аяз, оңтүстік-шығыста 7-16-ға дейін аяз болады. Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашын жауады.