Ақмола облысында жеті бірдей көлік соқтығысты
Ақмола облысында жеті бірдей көлік соқтығысты
Фото: Ашық дереккөзден
208
оқылды
Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолында жеті көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қаза тапқандар жоқ, төрт жолаушы, оның ішінде тоғыз жастағы бала ауруханаға жеткізілді.
"Toyota Camry жүргізушісі, Нұр-Сұлтан қаласының 22 жастағы тұрғыны Петропавл бағытында келе жатып, орталық қисық сызықты білеуді соғып кеткен. Жол апаты салдарынан әртүрлі маркадағы жеті көлік соқтығысты. 4 жолаушы, оның ішінде 9 жасар бала түрлі дене жарақатымен Бұланды ауданының орталық ауруханасына жеткізілді", - деп түсініктеме берді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, көлік жүргізушілері сау.