AstanaTV-ның хабарлауынша, Үкімет түрлі сала қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы қаулыға өзгерістер енгізді.
Аталған құжатта коронавирусқа арналған стационарларда істейтін медицина қызметкерлеріне, қосымша ақы төлеу көрсетілген. Қосымша ақы нақты жұмыс істеген сағаттар үшін төленбек. Қаулы 12 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.