Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды
Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды
© tekst-pesni.online
540
оқылды
Танымал әнші Қайрат Нұртас бойжеткенді күштеп көлікке отырғызып жатқан сәті  Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.  Бұл сәтті жолда кетіп бара жатқан өзге көлік жүргізушісі камераға түсіріп алған. Оқиға жаз мезгілінде болғаны көрініп тұр. Әнші де, қыз да жеңіл киінген.
Алайда, Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова бойжеткеннің шын мәнінде кім екенін түсіндіріп берді. Продюсерінің айтуынша, видеодағы қыз оның келіні Жұлдыз Әбдікәрімова екен. Гүлзира мұны дауға айналдырған желі қолданушыларына қатты ашуланды.
"Бейнежазба желіде жарияланып кетіпті. Бұл қыз менің келінім Жұлдыз Әбдікәрімова. Екеуі жиі келіспей қалады", – дейді Гүлзира Айдарбекова.
Қайраттың бұл әрекетін желі қолданушылары қатты сынға алды.
«Қайрат адам емес. Ұятсыз бала сияқты ғой», «Бұл не деген сұмдық!» «Жұлдыз екеуі ажырасқаны рас шығар», – деп жазды олар.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қазақстан жұлдыздары (@qaz.stars)