Алматыда Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш ашылды
Алматыда Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш ашылды
386
оқылды
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қоғам және ғылым қайраткері қазақ халқының бір тума ұлдарының бірі Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш бюст ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына қатысқан Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Нұртас Оңдасыновтың қазақстандық ғылым мен мәдениеттің болашағын қалыптастыруға сіңірген еңбегін атап өтті. Қиын жылдарға қарамастан, ол ел экономикасын дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын атап өтті. Тау тұлғалы тұлға Нұртас Дәндібайұлы 1904 жылы 26 қазанда туған. Ол ел басына күн түскен Ұлы отан соғысы жылдарында он үш жыл бойы (1938-1951 жылдары) сол кездегі Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің (ХКК) төрағасы болып қызмет етті. Одан кейінгі жылдары да түрлі қызметтерді абыроймен атқарып ел алғысына бөленген қайраткер болған. Ол сондай-ақ, Қазақстанда дербес ғылым академиясының құрылуына тікелей ықпал етті. Оның үкімет басқарып тұрған тұсында еліміздегі Әйелдер педагогикалық институты, Ұлттық консерватория, Денешынықтыру институты, Политехникалық және технологиялық институттар ашылып, Медициналық, Шет тілдері институттарының түрлі мамандықтар бойынша факультеттері кеңейтілді. Оның басшылығымен Ертіс – Қарағанды, Арыс – Түркістан, Мырзашөл каналдары, Атырау, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе зауыттары, сондай-ақ Мойынты – Шу темір жолы салынды. Н. Оңдасынов араб, парсы тілдерін жақсы білді. 1962 жылы зейнетке шыққаннан кейін шығармашылық және ғылыми қызметпен айналысты. 1969 жылы «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі», 1974 жылы «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігі» жарық көрді. Бюст кезінде ашылуына қайраткердің өзі тікелей мұрындық болған Ұлттық Ғылым академиясы ғимаратының жанына орнатылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұ. Есдәулет, жазушы Д. Исабеков сынды бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Нұрболат АДЫРБЕК Алматы қаласы