"Қазгидромет" РМК 3 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
2-3 қараша күні Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
3 қараша күні түнде Қарағанды қаласында көктайғақ болуы ықтимал. Жезқазған қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15 м/с болмақ.
Ақмола облысының шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың орталығында 23 м/с болады.
Ертең Қызылорда қаласында күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады, желдің екпіні – 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады деп болжануда. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында желдің екпіні – 15-20 м/с.