Қорғаныс қабілетін арттыру – стратегиялық бағыт
Қорғаныс қабілетін арттыру – стратегиялық бағыт
240
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Қару­лы Күштерінің Жоғарғы Бас қол­басшысына Қарулы Күш­тер­дің биылғы атқарған қызметінің не­гізгі қорытынды­лары, оның ішін­де армияны техникалық тұр­ғыдан қайта жарақтандыру ба­ры­сы туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа мем­ле­кеттің әскери қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге және әскердің 2030 жылға дейінгі құрылымын қа­лыптастыруға бағыт­тал­ған не­гізгі құжаттарға қатысты жұмыс­тар­дың аяқ­талғаны жөнінде мә­лімет берілді. Бұдан бөлек, Мемлекет бас­шы­сына «Қауіпсіз ел» ұлттық жо­­­басының әзірленуі және бекі­тілуі жайын­да айтылды. Бұл құ­жат шетелден қару-жарақ пен тех­ника сатып алуға ғана емес, сон­дай-ақ отан­дық қару-жарақ үл­гілерін әзірлеуге, инфра­құры­лым­ды жетілдіруге, әскерді цифрлан­­дыруға бай­ла­ныс­ты мін­деттерді шешуге мүмкіндік бере­ді. Мұрат Бек­тановтың ай­туын­ша, ұлттық жо­баның негізгі мақ­­саты – аза­мат­тар мен мемлекеттің қауіп­сіз­дігін қам­тамасыз ету. Қорғаныс министрі Пре­зи­дентке қару-жарақ пен оқ-дәрі­лердің қауіпсіз сақталуын қамта­масыз ету шаралары туралы және Қарулы Күштердің зама­науи сын-тегеуріндер мен қауіп-қатер­лер­ге төтеп беруге әзірлігі жөнін­де есеп берді. Кездесу соңында Президент елі­міздің қорғаныс қабі­летін одан әрі арттыруға бағытталған бірқа­тар тап­сырма берді.