Қызылордада 21 жастағы алаяқ емшіге сенген тұрғын 550 мың теңгесінен айырылды  
Қызылордада 21 жастағы алаяқ емшіге сенген тұрғын 550 мың теңгесінен айырылды  
Фото: paryz.kz
296
оқылды

Жас қыз «дәстүрлі емес жолмен емдеймін» деп тұрғынның сеніміне кірген. Көрсеткен қызметі үшін қомақты сыйақы алған.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 23 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, алаяқ емшіге сеніп, ақшасынан айырылған. Емшінің арбауына түскен қала тұрғыны еш ойланбастан қолына 550 мың теңгені ұстата салған. Іздестіру нәтижесінде, 21 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Осы іс бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.